Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

05.03.2025

Астаналық жас хоккейшілер Канадағы беделді турнирде күміс жүлдеге ие болды

Астаналық жас хоккейшілер Канадағы беделді турнирде күміс жүлдеге ие болды

Астаналық жас хоккейшілер командасы алғаш рет Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турниріне қатысып, AA-Elites (11–12 жас) санатында күміс жүлдегер атанды.

65-ші халықаралық Pee-Wee хоккей турниріне 16 елден 120 үздік команда қатысты. Турнир Канаданың Квебек қаласында өтті.

«Астана қаласында дайындалдық. Біз осы беделді турнир тарихына енгенімізге өте қуаныштымыз. Бұл – біз үшін алғашқы тәжірибе, және өз командамызбен мақтанамыз. Ең есте қалған сәт – финалдық ойын, оны 12 000 көрермен тамашалады», – деді команданың бас бапкері Владимир Захаров.

Айта кетейік, бұл турнирге Астана қаласы әкімдігіне қарасты №10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

Канаданың Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турнирі 1960 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және 12 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі болып саналады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан