06.03.2025
Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатына 64 құрама қатысуы мүмкін
Фото: ВКонтакте
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2030 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне қатысушылар санын 64 құрамаға дейін ұлғайту нұсқасын қарастырып жатыр.
Бұл әлем чемпионаты тарихта тұңғыш рет үш құрлықта өткізіледі деп жоспарланып отыр. Доп додасы негізінен Испания, Португалия және Мароккода өтеді. Сондай-ақ әлем чемпионатының ғасырлық тойына орай Уругвай, Аргентина және Парагвайда бір-бір ойыннан болады деген жоспар бар.
Дереккөздің мәліметінще, 2030 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне қатысатын құрама санын 64-ке жеткізу бір реттік шара ретінде ұйымдастырылады. Ол доп додасының 100 жылдық мерейтойы құрметіне арналады. Аталған ұсыныс ФИФА кеңесінің отырысында қаралды. Оған ФИФА президенті Джанни Инфантино қызығушылық білдіріп отыр. Оның басшылық жасаған уақытында 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне қатысушылар санын 32-ден 48-ге дейін ұлғайтуға қол жеткізілді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан