08.03.2025
«Манчестер Сити» сенсациялық жеңіліске ұшырады
«Манчестер Сити» Англия Премьер-Лигасының 28-турында сырт алаңда «Ноттингем Форесттен» жеңіліп қалды.
Хосеп Гвардиола шәкірттері матчтың айқын фавориті саналғанымен, кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Ойынның 83-минутында алаң иелері тарапынан Каллум Хадсон-Одои жеңіс голын соқты.
Бұл жеңістен кейін «Ноттингем Форест» турнирлік кестеде алға жылжып, жағдайын жақсартты. Ал «Манчестер Сити» маңызды ұпай жоғалтып, чемпиондық бәсекеде қиындыққа тап болды.
Келесі турда «Манчестер Сити» өз алаңында «Брайтонмен» кездеседі. Ал «Ноттингем Форест» сырт алаңда «Ипсвич Таунға» қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов