09.03.2025
Дмитрий Патанин спорттық гимнастикадан әлем кубогында күміс алды
Фото: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дмитрий Патанин Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.
Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мәоім етті.
Гимнаст қоссырықтағы жарыста сәтті өнер көрсетті.
Патанин төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Бірінші орынды жапондық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) жеңіп алды.
Үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығуларда екінші нәтиже көрсеткен еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан