Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.03.2025

Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар 17 медаль алды

Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар 17 медаль алды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 17 медаль алды.

Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына 5 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль түсті. 

Ел құрамасынан Арман Мұса (50 келі), Арсен Елемес (55 келі), Бақдәулет Қабдешов (60 келі), Мұхаммедали Жылқайдар (66 келі), Фатима Супугалиева (52 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал Аслан Ерғалиев (55 келі), Ернұр Батырғали (60 келі), Жанайым Мұратбек (52 келі) күміс жүлдегер болса, Мерей Дәулетхан (50 келі), Фархат Зейнолла (50 келі), Сейітжан Маметов (55 келі), Әкежан Әбдіманап (55 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі), Ролан Қайырғали (66 келі), Ульяна Пряхина (40 келі), Айнара Сейтжанова (44 келі), Әсел Русланова (48 келі) үздік үштікті түйіндеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан