09.03.2025
Новак Джокович сенсациялық жеңіліске ұшырады
Фото: Clive Brunskill/Getty Images
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан BNP Paribas Open АТР 1000 Masters турнирінде жеңіліс тапты.
Жарысты екінші айналымнан бастаған Новак Джокович (АТР: 7) 1/32 финалда Нидерланд теннисшісі Ботик Ван де Зандшульпке (АТР: 85) жол берді.
Кездесу 2 сағат 2 минутқа созылды. Нәтижесінде Джокович қарсыласына 1:2 (2:6; 6:3; 1:6) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 9 693 540 долларды құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи