09.03.2025
Юлия Путинцева WTA 1000 турниріндегі жорығын аяқтады
Фото: Robert Prange/Getty Images
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Жұптық сында даниялық Клара Таусонмен бірге бақ сынаған отандасымыз жарыстың 1/8 финалында Елена Остапенко (Латвия)/Эллен Перес (Аустралия) жұбына жол берді.
Кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды. Нәтижесінде Юлия бастаған ұжым қарсыласына 0:2 (6:7; 4:6) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи