Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.03.2025

Алдағы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Алдағы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт министрлігі 10-16 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады. 

10-15 наурыз: Биатлоннан IBU кубогінің 8-кезеңі

Жарысқа Қазақстан құрамасынан 4 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Отепя қ., Эстония.

10-18 наурыз: Пара жүзуден Әлемдік кезең

Халықаралық жарыста 5 спортшымыз өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Линьяно-Саббьядоро қ., Италия 

11-14 наурыз: Пара үстел теннисінен ITTF World Para Future Costa Brava 2025 турнирі

Әлемдік сайыста 5 спортшымыз ел намысын қорғайды.

Өтетін орны: Коста-Брава қ., Испания.

12-13 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі кезеңі

Жарыста ел құрамасынан 2 спортшы жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Осло қ., Норвегия.

13-16 наурыз: Конькимен жүгіруден жекелей қашықтықтағы әлем чемпионаты

Қазақстан құрамасынан 5 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Хамар қ., Норвегия.

13-17 наурыз: Дәстүрлі садақ атудан «Жақсығұл мерген» атындағы Азия кубогі

Жарысқа 10 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан, Үндістан, Түркменстан және Қытай мемлекеті бар.

Өтетін орны: Шымкент қ.

14-16 наурыз: Шорт-тректен әлем чемпионаты

Қазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Бейжің қ., Қытай.

14-16 наурыз: Семсерлесуден Гран-при жарысы

Бұл турнирге 14 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Будапешт қ., Мажарстан.

14-16 наурыз: Велоспорттан Ұлттар кубогі турнирі

Жарыс жолына 9 спортшымыз шығады.

Өтетін орны: Конья қ., Түркия.

14–16 наурыз: Каратэден Karate1 Premier League турнирі

Бәсекеде ел құрамасынан 13 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Ханчжоу қ., Қытай.

14-17 наурыз: Таэквондодан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты

Ішкі біріншілікке 15 облыстан 500 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Орал қ.

15-16 наурыз: Фристайл-могулдан әлем чемпионаты

Ел намысын 7 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Энгадин қ., Швейцария.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан