Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.03.2025

Зейнолла Ыдрысов әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Зейнолла Ыдрысов әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде тағы бір отандасымыз тұғыр сатысына көтерілді.

Ересектер арасына қосылғанына көп болмаған Зейнолла Ыдрысов тұтқалы ат снарядында қола жүлдегер атанды. Оның еншісінде 14.400 ұпай бар. Алтын мен күміс медаль АҚШ атлеттерінде.

Әйелдер арасында еркін жаттығуда отандасымыз Арина Лебедева жүлдеге бір табан жетпей 4-сатыға тұрақтады. 

Еске сала кетейік, кеше Милад Карими (еркін жаттығуда), Дмитрий Патанин (қос сырықта) күміс жүлдеге ие болған. Әзірбайжандағы әлем кубогы осымен аяқталды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан