09.03.2025
ҚПЛ: «Ақтөбе» «Тұранды» тізе бүктірді
Фото: «Ақтөбе» ФК
Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 2-туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында «Тұраннан» басым түсті.
ОСДЮШОР алаңында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді.
Матч есебін алаң иелерінің сербиялық қорғаушысы Неманья Анджелкович 29-минутта ашты. 55-минутта «Тұранның» черногориялық жартылай қорғаушысы Горан Милойко таразы басын теңестірді. Алайда 84-минутта ақтөбелік ұжымның шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет гол соғып, командасына үш ұпай сыйлады.
Осылайша «Ақтөбе» жаңа маусымдағы төртінші ұпайын олжалады. Ал «Тұранның» қанжығасында өткен турда еншілеген үш ұпай бар.
Енді келесі турда Игорь Леонов шәкірттері «Атырауға» қонаққа барса, «Тұран» Түркістанда алматылық «Қайратты» қабылдайды.
Айта кетейік, 3-тур ойындары 29-30 наурызға белгіленген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи