09.03.2025
«Астана» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді
Фото: «Астана» футбол клубы
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші турында «Астана» «Қызылжарды» жеңді.
Өтекен турда елордалық клуб алматылық «Қайратпен» тең ойнаған еді. Сондықтан бүгінгі кездесуде жанкүйерлер олардан тек қанаға жеңіс күткені анық.
Кездесу барысында «Астана» бірден ойын тізгінін қолға алды. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, гол соғатын мүмкіндікті іздеді.
Елордалық клубтың шабуылшысы Джеффри Чинеду 11-минутта есеп ашса, Грипши Назми 42-минутта есепті үстемеледі.
Астаналық команда бүгінгі ойында қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Қазір олар төрт ұпаймен екінші орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан