10.03.2025
Джанлуиджи Буфонның ұлы үлкен футболдағы алғашқы матчын өткізді
Италия құрамасының бұрынғы қақпашысы, әйгілі Джанлуиджи Буфонның ұлы үлкен футболдағы алғашқы матчын өткізді.
Кеше Италияның В сериясы аясында «Специя» өз алаңында «Пизаны» қабылдады.
Матчтың 84-минутында қонақ команда ойыншысы 17 жасар вингер Луи Буффон алаңға тыңнан қосылды.
Ойын 3:2 есебімен «Специяның» пайдасына аяқталды. Буффон алғашқы матчында нәтижелі әрекет жасай алмады.
Айта кетейік, биылғы маусымда Луи Буффон «Пизаның» 19 жасқа дейінгі командасында 20 ойын өткізіп, 6 гол соққан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи