Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.03.2025

«Қайсар» ойыншысы Саят Бақтыбай Премьер-лигада тұсаукесер ойынын өткізді

«Қайсар» ойыншысы Саят Бақтыбай Премьер-лигада тұсаукесер ойынын өткізді

Фото: «Қайсар» футбол клубы

«Елімай» - «Қайсар» кездесуінде қызылордалық футболшы Саят Бақтыбай Премьер-лигада ресми алғаш рет алаңға шықты.

Саят үлкен футболдағы мансабын “Қайсар U21” командасында бастап, “Байқоңыр”, “Қайсар Жас” командаларында доп тепті. Клуб құрылымындағы барлық сатыдан өтіп, биыл негізгі команданың жейдесін киді.

Аймақ басшысының бастамасымен биыл команда шетелдік футболшылардан бас тартып, құрамға тек жергілікті және қазақстандық футболшылар жасақталды.

Команда құрамындағы 23 футболшының 14-і жергілікті ойыншылар. Қатарға жаңа қосылған футболшылар сапында Қазақстан құрамасының ойыншысы Айбол Әбікен, ел чемионатының 8 дүркін жеңімпазы, тәжірибелі қақпашы Александр Мокин, Қазақстан жастар құрамасының футболшылары Роман Божко, Никита Губарев, Нұрдәулет Ағзамбаев, Жалғас Жақсылықов бар.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан