10.03.2025
Төрешіні балғаттады: «Атлетико Мадрид» ойыншысы футболдан шеттетілуі мүмкін
Фото: «Атлетико Мадрид» ФК
«Атлетико Мадрид» клубының жартылай қорғаушысы Анхель Корреа футболдан 12 матчқа дейін шеттетілуі мүмкін.
Корреа Ла лиганың 27-туры аясында «Хетафеге» қарсы өткен матчта (1:2) алаңнан қуылғаннан кейін, төрешіні балағаттағаны үшін осындай жазаға тартылуы ықтимал.
Испания футбол федерациясының регламентіне сәйкес, егер ойыншы бас төрешіге, оның көмекшілеріне, төртінші төрешіге немесе клуб өкілдеріне тіл тигізсе, 4-тен 12 матчқа дейін футболдан шеттетілуі керек.
Айта кетейік, «Атлетико Мадрид» Испания чемпионатының 27 турынан кейін, 56 ұпай жинап, үшінші орында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи