10.03.2025
Индиан-Уэллс турнирі: Рыбакина тағы да Ресейдің жас жұлдызымен кездеседі
Әлемнің 11-ші ракеткасы, 17 жастағы ресейлік теннисші Мирра Андреева Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші раундында рейтингтің 21-ші ракеткасы, Дания спортшысы Клара Тауссонды 6:3, 6:0 есебімен ұтты.
Матч 1 сағат 3 минутқа созылды.
Келесі айналымда Андреева рейтингте жетінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Индиан-Уэллстегі турнир 5-16 наурыз аралығында өтеді. Байқаудың жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов