10.03.2025
Ұлттық құрамаға үміткер: Ғалымжан Кенжебек шетелде алғашқы голын соқты
Футболдан Словакия чемпионатында «Кошице» өз алаңында «Слованмен» ойнады.
Бұл кездесуде 2:3 есебімен «Слован» жеңіске жетті.
«Кошиценің» шабуылшысы қазақстандық Ғалымжан Кенжебек Словакия чемпионатындағы алғашқы голын соқты.
Гол соққандар: Ғ. Кенжебек 32, Т. Барсегян (пенальти) 44, К. Бажрик 45+4, Т. Барсегян (пенальти) 51, К. Милжаник 57.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов