10.03.2025
Григорий Бабаян: Ойын тағдырын тіпті ерте шешіп тастауға болар еді
«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер-лигасының екінші турындағы «Қызылжарға» қарсы өткен матчты (2:0) қорытындылады.
– Өте сенімді ойнадық, маған ойын қатты ұнады. Әсіресе, доппен әрекетімізді атап өткім келеді. Ойын сапасына қарамастан, біз көптеген мүмкіндіктер жасадық. Шын мәнінде, есеп 5:0 немесе 6:0 болуы керек еді. Қақпаға 20-дан астам соққы жасадық. Төрт рет доп қақпа бағанасынан қайтты. Сәл ғана сәттілік жетіспеді. Көп мүмкіндіктерді жіберіп алдық. Сондықтан матчтың тағдырын ертерек шешу керек еді.
Бірінші таймның 45-минутына дейін-ақ 3-4 гол соғуымыз керек еді. Екінші таймда да қаншама мүмкіндік болды. Бұл жағынан әлі де жұмыс істеуіміз қажет. Әрине, алаң сапасын да ескеру керек. Мен 2021 жылы «Тобылда» жұмыс істегенде, бұл алаңды ауыстыру жоспарда болғанын айтқан еді, бірақ 2025 жыл келсе де, командалар әлі де осы алаңда қиналып жүр. Оның сапасы өте нашар.
Енді ұлттық құрамаларға шақырту алған ойыншылар өз командаларына кетеді. Әли Әлиев басқаратын Қазақстан құрамасына алдағы матчтарда сәттілік тілеймін. Біз болсақ, 15 наурызға дейін жаттығуды жалғастырамыз. Содан кейін бірнеше күн футболшыларымызға демалыс береміз".
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов