27.04.2025

Ханс-Дитер Флик «Барселонаның» Испания Кубогындағы жеңісі туралы пікір білдірді

Ханс-Дитер Флик «Барселонаның» Испания Кубогындағы жеңісі туралы пікір білдірді

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик 2024/2025 маусымындағы Испания Кубогының финалында мадридтік «Реалға» қарсы өткен матчтан кейін өз командасының жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz

Тартысты өткен ойын қосымша уақытта аяқталып, «Барселона» қарсыласын 3:2 есебімен жеңді.

«Командамыз үшін шексіз қуаныш сезінемін және футболшыларымыздың алаңдағы жанкешті ойыны үшін ерекше мақтанамын. Олардың жеңіске деген жігері мен матч барысын өз пайдасына аудара білу қабілеті шынымен де таңғаларлық болды. Бұл ұжымнан мен нағыз чемпиондарды көремін.

Осындай ұлы дербиде, "Эль Класикода" "Реалға" қарсы жеңіске жету — ерекше мәртебе, үлкен жетістіктің белгісі. Біздің ойыншыларымыздың және командаға қолдау көрсетуге келген 26 мың жанкүйердің қуанышын көру мен үшін үлкен бақыт», – дейді Фликтің сөзін AS басылымы келтіреді.

Айта кетейік, бұл – "Барселонаның" Испания Кубогындағы тарихтағы 32-ші жеңісі. Сондай-ақ, бұл Ханс-Дитер Фликтің командасындағы екінші трофейі болды.

Он екінші финал! Айбек Оралбай нокдаунмен қарсыласын жеңді

Бокс 9 сағат бұрын

Он екінші финал! Айбек Оралбай нокдаунмен қарсыласын жеңді

Он бірінші финал! Сабыржан Аққалықов тартысты айқаста басым түсті

Бокс 9 сағат бұрын

Он бірінші финал! Сабыржан Аққалықов тартысты айқаста басым түсті

Ертуған Зейнуллинов - Әлем кубогының қола жүлдегері

Бокс 9 сағат бұрын

Ертуған Зейнуллинов - Әлем кубогының қола жүлдегері

Оныншы финал! Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске жетті

Бокс 9 сағат бұрын

Оныншы финал! Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске жетті

Тоғызыншы финал! Надежда Рябец сенсациялық жеңістің авторы атанды

Бокс 10 сағат бұрын

Тоғызыншы финал! Надежда Рябец сенсациялық жеңістің авторы атанды

Аида Әбікеева - Әлем кубогының қола жүлдегері

Бокс 10 сағат бұрын

Аида Әбікеева - Әлем кубогының қола жүлдегері