7 сағат бұрын
«Семей» футзал клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісіне жетті
Фото: «Семей» футзал клубы
Қазақстандық «Семей» футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын А жолының негізгі кезеңінен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық команда бірінші топта сынға түседі. Қарсыластары - «Барселона» (Испания), «Лученец» (Словакия), «Минерва» (Швейцария).
Семейлік клуб алғашқы кездесуінде Словакияның «Лученец» командасын 6:0 есебімен қапы қалдырды. Олардың қатарынан Ринат Төреғазин 7-минутта есеп ашса, Педриньо 18-минутта есепті үстемелей түсті.
Екінші кезеңде қазақстандық команда тағы төрт гол соқты. Алдымен Родригиньо 29-минута басымдықты арттырса, Нұрсұлтан Пиялы 32, Дедезиньо 36, Шыңғыс Есенаманов 37-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша «Семей» 6:0 есебімен басым түсіп, жарыстың бұл сатысындағы алғашқы жеңісін тойлады.
Енді олар бүгін, 29 қазанда Испанияның «Барселона» клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 31 қазанда Швейцарияның «Минерва» командасымен ойнайды.
Сондай-ақ бүгін қазақстандық «Қайрат» (Алматы) жарыстың аталған сатысында Израильдің «Бейтар» клубымен ойнап жатыр. Одан кейін алматылық ұжым 31 қазанда Бельгияның «Андерлехт» командасымен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz