2 сағат бұрын
Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында «Барселонамен» кездеседі
29 қазанда футзалдан Қазақстанның «Семей» клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші турда Испанияның «Барселона» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч Словакияның Лученец қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Бірінші турда «Семей» словакиялық «Лученецті» 6:0 есебімен жеңді. Ал «Барселона» швейцариялық «Минерваны» 6:1 есебімен ұтты.
Айта кетейік, топтан плей-офф кезеңіне үздік үш команда жолдама алады.
Біздің серіктес: Sport12kz