5 сағат бұрын
Қазақстандық екі клубтың Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталады
4 қараша, сәрсенбі күні Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы 1/8 финал және ширек финал кезеңдерінің жеребесі тартылады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады.
Жеребе қорытындысы бойынша «Қайрат» пен «Семей» клубтары 1/8 финалдағы қарсыластарын анықтайды. Екі команда да негізгі кезеңде А лигасында өнер көрсетті.
«Қайрат» бельгиялық «Андерлехт» және латвиялық «Бейтар» командаларымен бір топта ойнап, үш ұпаймен үшінші орын алды. Алматы клубы қаржылық қиындықтарға байланысты румыниялық «Юнайтед Галац» турнирден шығып қалғаннан кейін плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алған еді.
Ал «Семей» испаниялық «Барселона», швейцариялық «Минерва» және словакиялық «Лученец» командаларымен бір топта алты ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.
А лигасындағы әр топтан үздік үш команда плей-офф кезеңіне өтті.
Біздің серіктес: Sport12kz