5 күн бұрын
Футзалдан қазақстандық төреші жасөспірімдер Олимпиадасы 1/2 финалына тағайындалды
Фото: ҚФФ
Қазақстандық футзал төрешісі Төрехан Тұрсымбаев 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың жартылай финалына тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол Аргентина мен Марокко құрамалары арасындағы матчта екінші төреші қызметін атқарады.
Матч 9 қарашада Сенегалдың Диамниадио қаласындағы Dakar Arena стадионында өтеді.
Матчқа словениялық Ерней Петек төрелік етеді. Оған қазақстандық Төрехан Тұрсымбаев пен америкалық Серваньдо Берна көмектеседі. Төртінші төреші міндетін жапониялық Такеши Фудзита атқарады. Ал хронометрист болып сан-маринолық Лауренциу Илие тағайындалды.
Бұл отандық төрешілеріміздің халықаралық деңгейдегі кәсіби біліктілігі мен төрешілік шеберлігіне көрсетілген сенімнің белгісі. Сондай-ақ Қазақстан төрешілік мектебінің халықаралық аренадағы беделін арттыруға маңызды үлесін қосады.
Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасының Беларуське қарсы матчқа арналған құрамы белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz