7 күн бұрын
«Барыс» шабуылшысы Құрлықтық хоккей лигасында 50 ұпай жинады
Астаналық «Барыс» клубының америкалық шабуылшысы Мэйсон Морелли Құрлықтық хоккей лигасында 50 ұпайлық межеден асты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тұрақты чемпионат аясында «Адмиралға» қарсы өткен матчта (4:5, овертайм) Морелли екі нәтижелі пас берді. Осылайша, шабуылшы Құрлықтық хоккей лигасындағы ұпай санын 50-ге жеткізді.
Бұл межеге жету үшін хоккейшіге 81 матч қажет болды. Қазіргі уақытта оның еншісінде 16 шайба мен 35 нәтижелі пас бар. Мореллидің мұз айдынындағы орташа ойнау уақыты — 19 минут.
Айта кетейік, Михаил Кравец жаттықтыратын «Барыс» келесі матчын 26 қазанда сырт алаңда Екатеринбургтің «Автомобилист» командасына қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz