6 күн бұрын
«Барыс» Кирилл Панюковқа қатысты шешім қабылдады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Кирилл Панюков ҚХЛ-дың драфттан бас тарту рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ешбір клуб ойыншыны 48 сағат ішінде өз құрамына алған жоқ. Сондықтан ҚХЛ-дың Құқықтық регламентіне сәйкес шабуылшы фарм-команда «Номадқа» жіберілді.
Кирилл Панюков 1997 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Кирилл Панюков 2013 жылдан бері «Барыс» жүйесінде ойнап келеді. «Барыс» және «Номад» сапында ойнады.
Қазірге дейін Құрлықтық хоккей лигасында қазақстандық «Барыс», Ресейдің «Ак Барс», «Авангард» және «Амур» командаларында ойнады.
Біздің серіктес: Sport12kz