2 күн бұрын
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Болашақ кубогына қатысады
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына (IA дивизионы) дайындық аясында Санкт-Петербургте өтетін Болашақ кубогына қатысады., деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнир бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Біздің жастар Ресей U20, Ресей U18 және Беларусь U20 құрамаларымен кездеседі.
Сондай-ақ Болашақ кубогы аясында дәстүрлі түрде 3х3 форматындағы турнир өтеді. Алдымен командалар екі ойында жеңімпазды анықтайды, кейін 3-орын және финалдық матчтар өтеді.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
5 қараша 2026, 17:00 – Беларусь U20 – Қазақстан U20
6 қараша 2026, 21:00 – Болашақ кубогы 3х3
7 қараша 2026, 19:00 – Ресей U20 – Қазақстан U20
8 қараша 2026, 15:00 – Ресей U18 – Қазақстан U20.
Біздің серіктес: Sport12kz