12 сағат бұрын
Роман Старченко Қазақстан құрамасында бапкер ретінде дебют жасайды
Қазақстан хоккей құрамасының бұрынғы капитаны Роман Старченко бапкер ретінде алғашқы турниріне қатысады. Ол 5–8 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтетін Азия чемпионатында ұлттық құраманың бапкерлер штабына көмектеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Азия чемпионатында Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары бақ сынайды.
Қазақстан құрамасы жарысқа қазіргі чемпион ретінде қатысады. Ұлттық команда 2024 жылы Алматыда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алса, 2025 жылы Бейжіңде чемпиондық атағын қорғады.
Құраманы екінші жыл қатарынан Талғат Жайлауов жаттықтырады. Оның штабына Константин Пушкарев пен Роман Старченко қосылды. Бұған дейін ұзақ жылдар бойы ұлттық құрама сапында ойнап, команда капитаны болған Старченко енді бапкер ретінде хоккейшілерге көмектеседі.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы:
Бас бапкер – Талғат Жайлауов;
Бапкерлер – Константин Пушкарев, Роман Старченко;
Қақпашылар бапкері – Александр Смелянец;
Бейнеталдаушы – Владислав Белан;
Дене дайындығы бойынша бапкер – Игорь Елисеев;
Бас менеджер – Олег Болякин.
Біздің серіктес: Sport12kz