9 сағат бұрын
Хоккейдег Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастайды
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Қазақстан жастар құрамасы Будапеште өтетін IA дивизионындағы әлем чемпионатына дайындықты бастайды., деп хабарлайды Sport12.kz.
Дайындықтың бір кезеңі ретінде команда 5-8 қараша аралығында Санкт-Петербургте өтетін жыл сайынғы «Кубок Будущего» турниріне қатысады.
Аталған турнирде біздің жастар бесінші мәрте Ресейдің U20 және U18, сондай-ақ Беларусьтің U20 құрамаларымен кездеседі.
Қазақстан жастар құрамасын Максим Худяков бастап барады. Ол көктемде біздің жасөспірімдер құрамасымен бірге IA дивизионындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған болатын. Енді маман есейген жасөспірімдермен U20 командасында жұмысын жалғастырады.
2026 жылдың ақпан айында оның жетекшілігімен Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Eurasia Jastar Cup Kazakhstan үй турнирінде жеңіске жетіп, Ресей U16, Беларусь U18 және Ресейдің әйелдер құрамасын тізе бүктірген еді.
Жастар құрамасының бапкерлер штабы:
Бас бапкер – Максим Худяков
Бапкерлер – Алексей Обухов, Игорь Желтоножко
Қақпашылар бапкері – Александр Колюжный
Видео-бапкер – Виктор Терехов
Дене дайындығы бапкері – Андрей Кисель.
Еске салсақ, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы бесінші рет Президенттік спорт клубының Кубогына қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz