Матч орталығы
Чемпиондар лигасы Футбол Фенербахче Фенербахче 3:2 Аяқталды Ливерпуль Ливерпуль Чемпиондар лигасы Футбол АЕК АЕК 2:3 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Париж мужчины Теннис Алекс Микельсен Алекс Микельсен 0:2 Аяқталды Карлос Алькарас Карлос Алькарас АФК Чемпиондар лигасы 2 Футбол Аль-Таавун Аль-Таавун 3:1 Аяқталды Аль-Фейсали Аль-Фейсали Челленджер Вилла Мария Теннис Ориоль Рока Баталья Ориоль Рока Баталья 2:0 Аяқталды Рё Табата Рё Табата Челленджер Братислава 2 Теннис Жером Ким Жером Ким 2:0 Аяқталды Лука Павлович Лука Павлович Испания кубогы Футбол Аморебьета Аморебьета 00:00 Бүгін Логронес Логронес Челленджер Братислава 2 Теннис Нишеш Басаваредди Нишеш Басаваредди 2:0 Аяқталды Мика Брунольд Мика Брунольд Испания кубогы Футбол Реус Реддис Реус Реддис 00:30 Бүгін Баракальдо Баракальдо Испания кубогы Футбол Депортива Минера Депортива Минера 00:30 Бүгін Картахена Картахена Испания кубогы Футбол Утебо Утебо 00:30 Бүгін Сабадель Сабадель Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 3:3 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 2:0 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Чемпиондар лигасы Футбол Викинг Викинг 4:1 Аяқталды Сабах Сабах Чемпиондар лигасы Футбол Ланс Ланс 1:9 Аяқталды Комо Комо Чемпиондар лигасы Футбол Славия Славия 1:2 Аяқталды Арсенал Арсенал Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 1:2 Аяқталды Вулверхэмптон Вулверхэмптон Чемпиондар лигасы Футбол Порту Порту 4:1 Аяқталды Наполи Наполи Чемпиондар лигасы Футбол Боруссия Боруссия 2:1 Аяқталды Бетис Бетис Чемпиондар лигасы Футбол ПСВ ПСВ 1:2 Аяқталды Брюгге Брюгге

4 күн бұрын

Андрей Шутов Құрлықтық хоккей лигасында алғаш рет үздік болды

Андрей Шутов Құрлықтық хоккей лигасында алғаш рет үздік болды

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасының қақпашысы Андрей Шутов Құрлықтық хоккей лигасында өз мансабында алғаш рет айдың үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының үздік хоккейшілерін анықтау жөніндегі комиссия ҚХЛ Орталық ақпараттық бюросының статистика бөлімі ұсынған статистикалық деректер мен матчтарға жасалған аналитикалық бағалау негізінде қазан айының төрт номинация бойынша лауреаттарын анықтады.

Қазан айында 120 ойын өтті, оған 611 хоккейші қатысты (50 қақпашы, 199 қорғаушы және 362 шабуылшы). Айдағы орташа нәтижелілік - 4,88 шайба.айдың үздік қақпашысы болып мансабында алғаш рет Андрей Шутов («Барыс») танылды, ол жеті матчта бес жеңіске жетіп, сенімділік коэффициенті 1,7 болды. Оның қақпасына 221 соққы жасалды (бір ойында орта есеппен 31,6), оның 94,57%-ын қайтарды. «Сібірмен» (1:0) және минскілік «Динамомен» (1:0) ойындарда Шутов қақпасын құрғақ ұстады, ал «Спартакпен» (4:3 Б) ойында командасына буллиттер сериясында жеңіске жетуге көмектесті. Шутов 2018 жылдың желтоқсанындағы Хенрик Карлссоннан кейін ай қорытындысы бойынша үздік деп танылған «Барыстың» екінші қақпашысы атанды.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 30 қазанда Қытайдың «Шанхай Дрэгонс» (Шанхай) командасына қарсы өткізді.



Біздің серіктес: Sport12kz