2 сағат бұрын
Атыраулық клуб жаңа бас бапкерін таныстырды
Атыраулық «Бейбарыс» хоккей клубы Сергей Бердниковты команданың жаңа бас бапкері етіп тағайындады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сергей Бердников 1971 жылы 5 қаңтарда Ресейдің Братск қаласында дүниеге келген. Ол Ангарск хоккей мектебінің түлегі.
Ойыншы ретіндегі кәсіби мансабын 1988 жылы бастаған. Шабуылшы позициясында өнер көрсетіп, әр жылдары Омбының «Авангард», Ярославльдің «Торпедо», Череповецтің «Северсталь», Новокузнецкінің «Металлург», ХК МВД және Новосібірдің «Сибирь» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ Солтүстік Америка лигаларында «Провиденс Брюинз» және «Шарлотт Чекерс» командаларының намысын қорғаған.
2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылға дейін Сергей Бердников Көкшетаудың «Арлан» клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда Қазақстан чемпионатында екі рет күміс жүлдеге ие болды. Бұл жетістікке клуб 2020/2021 және 2021/2022 маусымдарында қол жеткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz