5 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Трактормен» кездеседі
4 қараша, сәрсенбі күні Челябі қаласында Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында жергілікті «Трактор» мен астаналық «Барыс» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Трактор» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады.
21 ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 25 ұпай бар. Ал «Трактор» осынша кездесуде 19 ұпай жинаған.
«Барыс» соңғы матчында сырт алаңда «Шанхай Дрэгонсты» (4:2) жеңді. Оған дейін минскілік «Динамоны» да қонақта 1:0 есебімен ұтқан еді.
Ал «Трактор» қатарынан үш рет жеңіліс тапты. Челябілік клуб мәскеулік ЦСКА-дан екі рет (1:5 және овертаймда 2:3), сондай-ақ минскілік «Динамодан» (2:3) жеңілді.
Командалар арасындағы соңғы кездесу 2025 жылдың 23 желтоқсанында Астанада өтіп, «Трактордың» 2:0 есебімен жеңісімен аяқталған.
Біздің серіктес: Sport12kz