1 күн бұрын
Қазақстан жастар құрамасы хоккейден әлем чемпионатына дайындығын бастады
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Астанада хоккейден Қазақстан жастар құрамасының әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиыны басталды,деп хабарлайды Sport12.kz.
Бапкерлер штабы турнирге кеңейтілген құрамды ұсынды.
Қазақстан жастар құрамасы
Қақпашылар: Леонид Кравцов, Артемий Пермяков («Барыс» ЖХК), Кирилл Мыльников, Дмитрий Ряшин (барлығы — «Қар барыстары»), Рахымбек Рахымжан («Скрэнтон Найтс», NCDC);Қорғаушылар: Дамир Бритиков («Барыс»), Артем Гасников, Санжар Ибрагим, Никита Ломако, Расул Тұрсынов, Дархан Хафаров, Спартак Чукреев («Қар барыстары»), Мәжит Имашев («Бостон Рейнджерс», NCDC), Святослав Евплов («Спартак» ЖХК), Руслан Тусупбеков («Номад»);
Шабуылшылар: Владислав Ануфриев, Таир Бигаринов, Егор Баланчик, Илья Громов, Аристарх Киреев, Михаил Коленко, Егор Кравченко, Тимур Миндубаев, Айтуар Нұржанов, Жахангер Тлеухан, Матвей Умеренков («Қар барыстары»), Артур Глухих («Торпедо»), Корней Корнеев («Блейнвиль-Буазбрианд Армада»), Русланбек Карим («Коннектикут Чифс»), Бексұлтан Мақыш («Флинт Файрбердс», OHL), Әлішер Сәркенов («Принс-Альберт Рейдерз», WHL), Александр Симахин («Номад»).
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Венгрия астанасы Будапешт қаласында IA дивизионында сынға түседі.
Еске салсақ, 2028 жылы әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты Швейцарияның Цюрих және Фрибур қалаларында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz