Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15.03.2025

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Амур» клубымен ойнайды

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Амур» клубымен ойнайды

Фото: «Барыс» хоккей командасы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 15 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 12:30-дa басталады.

Екі команда бұған дейін 58 мәрте кездескен. Оның 31-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық ұжым аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 35 ұпаймен 23-орында тұрса, «Амур» 38 ұпаймен 22-орында келеді.

Енді «Барыс» бұдан кейін ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде үш ойынын өткізеді.

Алдымен Ресейде 17 наурызда «Сибирь» (Новосібір) командасымен ойнаса, одан кейін елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак барс» (Қазан), 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) клубтарымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» буллиттен «Адмиралды» жеңді.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан