8 сағат бұрын
Дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің басталатын уақыты анықталды
Сурет: Сали Сабиров, ҰОК
Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің қай уақытта бастлатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Халықаралық жарыста Қазақстан намысын 7 дзюдошы қорғайды.
Қазақстан құрамасы:
Елдос Сметов (-60 кг)
Талғат Орынбасар (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг)
Ақылжан Жұбатқанов (-66 кг)
Жалғас Қайролла (-81 кг)
Айдар Арапов (-90 кг)
Марат Байкамуров (-100 кг)
Жарыстың басталу уақыты (Астана уақытымен):
1-күн — 12:30
2-күн — 13:00
3-күн — 12:30.
Еске салсақ, Абу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңінде ел намысын 7 дзюдошы қорғайды. 29-31 қазан күндері өтетін додаға 400-ге жуық татами шебері қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz