1 күн бұрын
Марат Байкамуров Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Абу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. Ерлер арасында -100 кг салмақ дәрежесінде Марат Байкамуров үздік үштікке енді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шеуші белдесуде қазақстандық дзюдошы ресейлік Адам Сангариевті жеңіп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Байкамуров іріктеу кезеңінде Франция мен Кипр спортшыларын ұтты. Ширек финалда ресейлік Идар Бифовқа есе жіберген соң, жұбаныш кезеңінде АҚШ өкілі Даниэль Любимовскиден басым түсіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалған болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Абу-Даби Grand Slam жарысын екі қола жүлдемен аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz