3 күн бұрын
Қазақстандық дзюдошылар Загребтегі Гран-при кезеңіне қатысады
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Хорватия астанасы Загребте өтетін Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімін жариялады.
13-15 қараша күндері өтетін халықаралық жарыста Қазақстан атынан 19 дзюдошы (9 ер және 10 әйел) татамиге шығады. Құрамда Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева және Данияр Шамшаев сынды ел құрамасының жетекші спортшылары бар.
Ерлер
- 60 келі: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан
- 66 келі: Нұрқанат Серікбаев, Бақытжан Абдурахманов
- 73 келі: Данияр Шамшаев
- 90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов
- 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер
- 48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
- 52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
- 57 келі: Дана Әбдірова
- 63 келі: Эсмигүл Куюлова
- 70 келі: Ажар Асхат
- 78 келі: Екатерина Токарева
- 78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш
Айта кетейік, жарияланған құрам алдын ала тізім саналады. Оған өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz