10 сағат бұрын
Фатима Супығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Қазақстандық дзюдошы Фатима Супығалиева 2026 жылғы Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Sports12.kz хабарлайды.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоамен кездесті. Фатима қарсыласын иппонмен жеңіп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Енді қазақстандық спортшы финалға шығу үшін словакиялық Вивьен Вадовицовамен белдеседі.
Осылайша, Фатима Супығалиева Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдесі үшін күресті жалғастырады.
Біздің серіктес: Sport12kz