Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 3:2 Аяқталды Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Катар Катар 0:3 Аяқталды Аустралия Аустралия КХЛ Хоккей Северсталь Северсталь 4:3 Пенальтиден соң Трактор Трактор КХЛ Хоккей СКА СКА 1:4 Аяқталды Динамо Минск Динамо Минск Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Польша U21 Польша U21 2:0 Аяқталды Норвегия U21 Норвегия U21 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Молдова Молдова 2:1 Аяқталды Қазақстан Қазақстан Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Франция U21 Франция U21 1:2 Аяқталды Италия U21 Италия U21 Челленджер Орлеан Теннис Саша Вайенбург Саша Вайенбург 0:2 Аяқталды Отто Виртанен Отто Виртанен Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Испания U21 Испания U21 2:0 Аяқталды Жапония U21 Жапония U21 ДЕЛ Хоккей Вольфсбург Вольфсбург 4:3 Пенальтиден соң Айсбарен Айсбарен Ұлттық лига Хоккей Берн Берн 4:3 Пенальтиден соң Фрибург Фрибург Ұлттық лига Хоккей Лугано Лугано 2:1 Аяқталды Лангнау Лангнау Ұлттық лига Хоккей Цуг Цуг 1:5 Аяқталды Рапперсвиль Рапперсвиль Франция кубогы Футбол Дижон Дижон 1:2 Аяқталды Орлеан Орлеан Франция кубогы Футбол US St. Philbert de Grandlieu US St. Philbert de Grandlieu 1:3 Аяқталды Ля Рош Ля Рош Франция кубогы Футбол Crevillente Crevillente 2:2 Пенальтиден соң Валансьен Валансьен УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сербия Сербия 1:3 Аяқталды Германия Германия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Люксембург Люксембург 0:1 Аяқталды Эстония Эстония УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Лихтенштейн Лихтенштейн 0:1 Аяқталды Әзербайжан Әзербайжан УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Шотландия Шотландия 2:1 Аяқталды Солтүстік Македония Солтүстік Македония

6 сағат бұрын

Ғалия Тынбаева – Загреб Гран-приінің күміс жүлдегері

Ғалия Тынбаева – Загреб Гран-приінің күміс жүлдегері

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz

48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ғалия Тынбаева жарысты күміс медальмен аяқтады.

Шешуші белдесуде отандасымыз әлем чемпионы, италиялық Ассунта Скуттомен кездесіп, тартысты бәсекеде қарсыласына есе жіберді.

Ғалия Тынбаева финалға дейінгі жолында төрт белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Атап айтқанда, италиялық Азия Аванзато мен испаниялық Ева Перес Солерден басым түсті. Ширек финалда бразилиялық Наташа Феррейраны, ал жартылай финалда австриялық Жаклин Шпрингерді жеңді.

Айта кетерлігі, Загреб Гран-приіне 66 елден 462 дзюдошы қатысуда. Әлемдік дода 15 қарашаға дейін жалғасады.



Біздің серіктес: Sport12kz