7 сағат бұрын
Эсмигуль Куюлова Загреб Гран-приінде бесінші орынға тұрақтады
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошы Эсмигуль Куюлова Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирін бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз жарысты сәтті бастап, іріктеу кезеңдерінде АҚШ пен Польша өкілдерінен басым түсті. Алайда жартылай финалда канадалық Джессика Климкейтке есе жіберді.
Одан кейін жұбаныш белдесуінде венгриялық Бригитта Варганы жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Шешуші кездесуде Хорватия өкілі Ива Оберанға жол беріп, турнирді бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетелік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында Загреб Гран-приінің 1 алтын және 2 күміс медалі бар
Биылғы Загреб Гран-при турниріне 66 елден 462 дзюдошы қатысуда. Халықаралық дода 15 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz