22 сағат бұрын
Әділжан Жаудинов дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады
Фото: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жерлесіміз 100 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін күресті.
Әділжан шешуші белдесуде Эстония өкілі Марек-Адриан Масакпен кездесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша ол әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, ұлттық құраманың қоржынында бір алтын, бір қола медаль бар. Бұған дейін Санжар Еруланұлы жеңімпаз атанса, Асқар Біржанов (100 келі) үшінші орын алған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Біздің серіктес: Sport12kz