Матч орталығы
Токио женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 13:00 Бүгін Юлия Путинцева Юлия Путинцева Испания кубогы Футбол Нумансия Нумансия 22:00 Бүгін Реал Овьедо Реал Овьедо А сериясы Футбол Фрозиноне Фрозиноне 22:30 Бүгін Лечче Лечче Испания кубогы Футбол Корухо Корухо 23:00 Бүгін Замора Замора Испания кубогы Футбол Побленсе Побленсе 23:00 Бүгін Сеута Сеута Испания кубогы Футбол Атлетико Калатаюд Атлетико Калатаюд 23:00 Бүгін Осасуна Осасуна Испания кубогы Футбол Лебрихана Лебрихана 23:00 Бүгін Хетафе Хетафе Испания кубогы Футбол Сан Себастьян Рейес Сан Себастьян Рейес 23:00 Бүгін Кория Кория Испания кубогы Футбол Атлетико Балеарес Атлетико Балеарес 23:00 Бүгін Эльденсе Эльденсе Испания кубогы Футбол Сьеса Сьеса 23:30 Бүгін Гранада Гранада Еуролига Баскетбол Црвена Звезда Црвена Звезда 00:00 Ертең Бавария Бавария Испания кубогы Футбол Антекуэра Антекуэра 00:00 Ертең Агилас Агилас Испания кубогы Футбол Гихуэло Гихуэло 00:00 Ертең Спортинг Хихон Спортинг Хихон Испания кубогы Футбол Реал Авила Реал Авила 00:00 Ертең Унионистас Унионистас Испания кубогы Футбол Конкенсе Конкенсе 00:00 Ертең Кастельон Кастельон Испания кубогы Футбол Вареа Вареа 00:00 Ертең Андорра Андорра Испания кубогы Футбол Ковадонга Ковадонга 00:00 Ертең Вальядолид Вальядолид А сериясы Футбол Фиорентина Фиорентина 00:45 Ертең Аталанта Аталанта Лига кубогы Футбол Эвертон Эвертон 00:45 Ертең Ньюкасл Ньюкасл Испания кубогы Футбол Херес Херес 01:00 Ертең Кадис Кадис

16.12.2025

Астана қаласында ұлттық спорт қаншалықты дамып жатыр?

Астана қаласында ұлттық спорт қаншалықты дамып жатыр?

Астана қаласында ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық жылдан-жылға артып келеді, деп хабарлайды Sport12.kz

2025 жылы елорда спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 76 медаль жеңіп алып, қаланың спорттық әлеуетін айқын дәлелдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2025 жылы елордада ұлттық спорттың 10 түрі бойынша (асық ату, құсбегілік, жекпе-жек, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, бәйге, аударыспақ, көкпар, теңге ілу) оқу-жаттығу процесі тұрақты түрде жүргізілді. 

Аталған бағытта 165 жаттықтырушы, оның ішінде 46 штаттық маман, 15 034 спортшымен жүйелі жұмыс атқарып, жарыстарға қатысуды үздіксіз қамтамасыз етті.

Жыл қорытындысы бойынша, астаналық спортшылар республикалық жарыстарда барлығы 50 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 11 алтын, 13 күміс және 26 қола жүлде бар. 

Ал халықаралық ареналарда елорда намысын қорғаған спортшылар 26 медаль иеленіп, 13 алтын, 7 күміс және 6 қола олжалады. Бұл – жаттықтырушылардың табанды еңбегі мен спортшылардың қажыр-қайратының айқын көрінісі.


Біздің серіктес: Sport12kz