Матч орталығы
Португалия лигасының кубогы Футбол Бенфика Бенфика 4:1 Аяқталды Жил Висенте Жил Висенте НХЛ Хоккей Даллас Даллас 2:5 Аяқталды Монреаль Монреаль Токио женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 11:10 Бүгін Лейла Фернандес Лейла Фернандес КХЛ Хоккей Шанхайские Драконы Шанхайские Драконы 21:30 Бүгін Барыс Барыс Вена мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 Бүгін Артур Фери Артур Фери Суперлига Футбол Коньяспор Коньяспор 22:00 Бүгін Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Гавр Гавр 23:00 Бүгін ПСЖ ПСЖ Лига 1 Футбол Ницца Ницца 23:00 Бүгін Ренн Ренн Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 00:30 Ертең Майнц Майнц Ла Лига Футбол Вильярреал Вильярреал 01:00 Ертең Эспаньол Эспаньол Лига 1 Футбол Лилль Лилль 01:05 Ертең Ланс Ланс Примейра-лига Футбол Каза Пия Каза Пия 01:15 Ертең Спортинг Спортинг Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 15:00 Ертең Оқжетпес Оқжетпес Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 15:00 Ертең Қайсар Қайсар Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 15:00 Ертең Алтай Алтай Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 15:00 Ертең Ордабасы Ордабасы Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 15:00 Ертең Ақтөбе Ақтөбе Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 15:00 Ертең Қызылжар Қызылжар Премьер-Лига Футбол Ұлытау Ұлытау 15:00 Ертең Атырау Атырау Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Ертең Астана Астана

07.09.2026

Қырғызстан жаңа мәлімдеме жасады: Қазақстанның Көшпенділер ойындарындағы нәтижесі өзгерді

Қырғызстан жаңа мәлімдеме жасады: Қазақстанның Көшпенділер ойындарындағы нәтижесі өзгерді

Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы 32 медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастап тұрған еді. Алайда Қырғызстан тарапы Көшпенділер ойындарында елдер арасында ресми медальдық және жалпыкомандалық есеп жүргізілмейтінін мәлімдеген.

Бүгін, 7 қыркүйекте Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов бұл мәселеге қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медалін жеке есептеу туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

«VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтіп, үлкен спорт мерекесі ретінде қорытындыланды.

Әсіресе көкбөрі мен жерұлақтан қырғыз және қазақ командалары тартысты ойын көрсетіп, бәсекелестіктің тек спорт алаңында қалатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жанкүйерлер арасында да ешқандай түсініспеушілік болған жоқ. Осыған байланысты спортшыларға және екі елдің жанкүйерлеріне ерекше алғыс білдіреміз.

Командалық есепте медальдарды санауға байланысты ғана техникалық айырмашылық туындады. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медальдарын жеке-жеке есептеу туралы шешім қабылдады. Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынға шықты. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Қырғызстан спортшылары да бұл ойындарда өз күшін, шеберлігін лайықты көрсетті.

Медаль саны – спорттың бір бөлігі. Ал бұл ойындардың ең үлкен жеңісі – бәсекені өзара құрметпен өткізіп, бауырлас халықтардың ынтымағын тағы бір мәрте көрсете алғанымыз», — деді Асқат Алагөзов.

Айта кетейік, айтулы жарыста қазақстандық спортшылар барлығы 74 медаль — 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде иеленді.


Біздің серіктес: Sport12kz