Матч орталығы
КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 0:3 04:52 Авангард Авангард КХЛ Хоккей Динамо Минск Динамо Минск 0:1 06:05 Барыс Барыс КХЛ Хоккей ЦСКА ЦСКА 4:1 Үзіліс Трактор Трактор УЕФА жасөспірімдер лигасы Футбол МТК U19 МТК U19 0:1 53 Кайрат U19 Кайрат U19 Германия кубогы Футбол Фрайбург Фрайбург 1:2 50 Вольфсбург Вольфсбург Германия кубогы Футбол Падерборн Падерборн 0:0 49 Штутгарт Штутгарт А сериясы Футбол Милан Милан 2:1 39 Болонья Болонья А сериясы Футбол Парма Парма 0:0 39 Удинезе Удинезе А сериясы Футбол Венеция Венеция 0:0 39 Интер Интер Нидерланд кубогы Футбол Спарта Спарта 1:0 24 Фортуна Фортуна Испания кубогы Футбол Корухо Корухо 23:00 Бүгін Замора Замора Испания кубогы Футбол Утебо Утебо 23:00 Бүгін Сабадель Сабадель Испания кубогы Футбол Побленсе Побленсе 23:00 Бүгін Сеута Сеута Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 Бүгін Эйбар Эйбар Испания кубогы Футбол ЦД Таранкон ЦД Таранкон 23:00 Бүгін Леванте Леванте Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 Бүгін Алавес Алавес Лига ICE Хоккей Зальцбург Зальцбург 23:15 Бүгін Вена Кэпиталз Вена Кэпиталз АФК Чемпиондар лигасы 2 Футбол Аль-Фейсали Аль-Фейсали 23:15 Бүгін Аль-Таавун Аль-Таавун Лига ICE Хоккей Больцано Больцано 23:45 Бүгін Филлах Филлах Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 23:45 Бүгін Фрибург Фрибург

06.09.2026

Ербол Мырзабосынов көкпардан Қазақстан құрамасымен кездесті

Ербол Мырзабосынов көкпардан Қазақстан құрамасымен кездесті

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан намысын қорғаған ұлттық құрама ойыншыларымен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Министр бүгінгі ойында спортшылардың ел намысын абыроймен қорғап, бар күш-жігерін салғанын атап өтті. Сондай-ақ спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүретінін айтып, ең бастысы — жігерді жасытпай, алдағы халықаралық жарыстар мен басқа да ірі додаларға дайындықты жалғастыру екенін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 11 ұлттық спорт түрі жүйелі түрде дамытылып келеді. Ұлттық спорт түрлеріне мемлекеттік қолдау күшейтіліп, оларды дамыту мен спортшыларды даярлау мәселесінде олимпиадалық спорт түрлерімен тең дәрежеде жағдай жасауға басымдық берілуде.

Ербол Мырзабосынов ұлттық құрама ойыншыларына алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады.



Біздің серіктес: Sport12kz