4 сағат бұрын
Асу Алмабаев Катарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев жапониялық Кёдзи Хоригучимен өтетін жекпе-жекке дайындықтың соңғы кезеңін өткізу үшін Катарға ұшып кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алмабаевтың Дохаға аттанған сәтіндегі видеоны оның Dar Team командасы Instagram парақшасында жариялады. Қазақстандық спортшы Катарда 21 қарашада UFC Qatar (UFC Fight Night 294) турнирі аясында өтетін жекпе-жек алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Айта кетейік, Кёдзи Хоригучи – Rizin және Bellator лигаларының бұрынғы чемпионы. UFC-дің аса жеңіл салмақтағы рейтингінде жапониялық файтер жетінші орында тұр. Ал Асу Алмабаев алтыншы сатыда орналасқан.
Біздің серіктес: Sport12kz