6 сағат бұрын
Қуат Хамитов бүгін ресейлік файтермен айқасады
30 қазан, жұма күні қазақстандық файтер Қуат Хамитов (28-8-2) Тәжікстан астанасы Душанбеде өтетін аралас жекпе-жек турнирінде ресейлік Алексей Махномен (29-17) кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
ACA 209 турнирінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Хамитов пен Махно негізгі кардтағы екінші жұп болып өнер көрсетеді.
Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін биыл ақпанда өткізіп, бразилиялық Алан Силваны (22-14-1) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.
Ал Алексей Махно былтыр желтоқсанда румыниялық Аурел Пиртеаға (29-16) үшінші раундта мерзімінен бұрын есе жіберді. Ресейлік файтер қазіргі уақытта қатарынан үш жеңіліске ұшыраған.
Айта кетейік, ACA 209 турнирінің басты жекпе-жегінде тәжікстандық Фаридун Одилов (21-4-2) пен ресейлік Артем Фролов (21-7) кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz