6 сағат бұрын
Шавкат Рахмоновтың бапкері UFC-ге өтетін қазақстандықты атады
Dar Team командасының бас бапкері Эдуард Базров UFC-де өнер көрсететін келесі қазақстандық файтердің есімін атады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бұл есімді есте сақтап қойыңыздар! UFC-ге өтетін келесі қазақстандық файтер – Мейірбек Есқазиев!» – деді Базров.
Қазіргі уақытта Мейірбек Есқазиевтің кәсіби ММА-дегі рекорды – 5 жеңіс және 1 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегінде ол ресейлік Наби Ашурлаевты (11-3) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
Есқазиев кәсіби мансабында алты жекпе-жегін Naiza FC лигасында, тағы бір кездесуін Alash Pride ұйымында өткізген.
Айта кетейік, Эдуард Базров UFC файтерлері Шавкат Рахмонов (19-0) пен Асу Алмабаевты (24-3) жаттықтырады.
Біздің серіктес: Sport12kz