5 сағат бұрын
Нұрхан Жұмағазы Rizin лигасындағы үшінші жекпе-жегін өткізеді
Қазақстандық ММА файтері Нұрхан Жұмағазы (11-1) Жапонияның Rizin FF промоушеніндегі үшінші жекпе-жегінің күні мен қарсыласын білді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жұмағазы 8 қарашада Жапонияның Фунабаси қаласында өтетін Rizin 55 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – Оңтүстік Корея өкілі, 34 жастағы Кён Пхё Ким (15-5). Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде үш раундқа жоспарланған.
Нұрхан бұған дейін Rizin аясындағы соңғы кездесуін 12 сәуірде Landmark Vol. 13 турнирінде өткізді. Ол жапониялық Тэнью Ёсимураны (5-4) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Айта кетейік, Rizin 55 турнирінің басты жекпе-жегінде Макото Такахаси (23-5-1) мен Тони Ларами (13-3) аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz