Матч орталығы
Франция кубогы Футбол Францискан Францискан 4:0 Аяқталды Аиглон Ламен Аиглон Ламен КХЛ Хоккей Трактор Трактор 1:1 08:02 ЦСКА ЦСКА Ченнаи женщины Теннис Мей Ямагучи Мей Ямагучи 0:0 1-сет Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева А сериясы Футбол Комо Комо 16:30 Бүгін Венеция Венеция Ла Лига Футбол Хетафе Хетафе 18:00 Бүгін Севилья Севилья А сериясы Футбол Лацио Лацио 19:00 Бүгін Кальяри Кальяри А сериясы Футбол Фрозиноне Фрозиноне 19:00 Бүгін Торино Торино Лига 1 Футбол Страсбур Страсбур 19:00 Бүгін Осер Осер Бундеслига Футбол Унион Унион 19:30 Бүгін Кельн Кельн Ла Лига Футбол Расинг Расинг 20:15 Бүгін Реал Мадрид Реал Мадрид Суперлига Футбол Касымпаша Касымпаша 21:00 Бүгін Бешикташ Бешикташ Лига 1 Футбол Париж Париж 21:15 Бүгін Монако Монако Лига 1 Футбол Лион Лион 21:15 Бүгін Анже Анже Премьер-лига Футбол Ливерпуль Ливерпуль 21:30 Бүгін Арсенал Арсенал Бундеслига Футбол Айнтрахт Айнтрахт 21:30 Бүгін Гамбург Гамбург Премьер-лига Футбол Локомотив Локомотив 21:45 Бүгін Спартак Спартак А сериясы Футбол Лечче Лечче 22:00 Бүгін Дженоа Дженоа Ла Лига Футбол Эльче Эльче 22:30 Бүгін Валенсия Валенсия Примейра-лига Футбол Академику де Визеу Академику де Визеу 23:00 Бүгін Риу Аве Риу Аве Лига 1 Футбол Марсель Марсель 00:45 Ертең Тулуза Тулуза

20 сағат бұрын

Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан туын кімдер ұстап шығады?

Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан туын кімдер ұстап шығады?

Фото: olympic.kz

Сенегалдың Дакар қаласында өтетін IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек ұстап шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 2026 жылы отандасымыз кадеттер арасында әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ оның қоржынында 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалі бар.

Әлихан Ағабек жағажай волейболынан Оразалы Сағынышпен бірге Қазақстан намысын қорғайды. 2025 жылы қос спортшы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұған қоса, қазақстандық жұп 2026 жылы 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионатының 1/16 финалына дейін жетті.

Жалпы, Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында 18 қазақстандық 11 спорт түрінен бақ сынайды.

Айта кетейік, Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасына спортшыларды іріктеу тәртібі өзгерді. Бұрынғы Ойындардан айырмашылығы, бұл жолы арнайы іріктеу турнирлері өтпейді. Олимпиада жолдамаларын Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен халықаралық спорт федерациялары белгіленген талаптар бойынша бөледі.

Еске салайық, IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылғы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Дакар Африка құрлығында Олимпиада ойындарын қабылдайтын алғашқы қала болмақ.


Біздің серіктес: Sport12kz