2 сағат бұрын
Рамазан Әйнегов жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдегер атанды
Қазақстандық триатлоншы Рамазан Әйнегов Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында жүлдеге ие болды.
Отандасымыз жарысты 53 минут 27 секундта аяқтап, үшінші орынға тұрақтады. Ол жапониялық Дайки Нисидзакимен бірдей уақытта мәреге жетіп, қола медальді өзара бөлісті. Екеуі де жарыс жеңімпазы португалиялық Артур Гашпардан 14 секундқа қалып қойды.
Гашпар 53 минут 13 секунд нәтижесімен алтын медаль иеленсе, Люксембург спортшысы Эмиль Ванолст 53 минут 23 секундта мәреге жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып, ел қоржынына алтын медаль салған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz