2 сағат бұрын
Жасөспірімдер Олимпиадасы: Дарья Чеснокова жүзуден финалға өте алмады
Фото: olympic.kz
Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жүзуден жарыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық жүзгіш Дарья Чеснокова 50 метрге шалқалай жүзуден іріктеу кезеңінде бақ сынады.
Нәтижесінде отандасымыз қашықтықты 30.13 уақытта жүзіп өтіп, өз тобында төртінші, ал жалпы есепте 12-ші орынға тұрақтады. Дегенмен финалға шыға алмады.
Іріктеу кезеңінде үздік нәтижені Оңтүстік Корея өкілі Ким Сынвон көрсетті. Ол қашықтықты 28.76 уақытта бағындырды.
Айта кетсек, қазақстандық спортшы 50 метрге еркін стильде жүзуден іріктеу кезеңіне қатысты. Ол өз тобында мәреге үшінші болып жетіп, қашықтықты 27,88 секундта бағындырды.
Біздің серіктес: Sport12kz