11.11.2026
Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдегер атанды.
Фото: olympic.kz
Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Таеквондодан 63 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Любовь Юн қола жүлдегер атанды.
Отандасымыз алғашқы кездесуінде норвегиялық Сару Наташу Фемер-Педерсенді 2:0 есебімен жеңді. Ширек финалда бразилиялық Рафаэла Мейреллес да Костадан да дәл осындай есеппен басым түсті.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы сербиялық Эма Зечировичке қарсы шықты. Тартысты бәсекеде қарсыласы екі раундта 18:4 және 14:4 есебімен жеңіске жетті. Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген екі спортшы да қола медаль иеленеді.
Біздің серіктес: Sport12kz